ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды талқылау мақсатында Қызылорда облыстық әкімдігімен бірлесіп, Қызылорда Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің студенттер сарайында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рустемовтың төрағалығымен ашылды. «Бұл кездесу - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың бір тетігі. Өйткені, «100 нақты қадамның» 33-қадамы осы пробация қызметін жетілдіруге арналған. Яғни, пенитенциарлық пробация - сотталғанды үкім шыққан күннен бастап қоғамға қайта бейімдеу », - деді Руслан Рүстемов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғ.Отарбаев өз баяндамасында заң жобасындағы жаңалықтар жөнінде айтып өтті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық, аудандық Пробация қызметтерінің есебінде 2016 жылдың 9 айында 1071 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар тұр. 2015 жылғы есептен өткен сотталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 % өскен.
Сонымен қатар, түзеу мекемелерінен жазалары неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылып, пробациялық бақылау белгіленіп, Пробация қызметіне 258-сотталған есепке алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 68 сотталғанға көбейген. Есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша 2016 жылдың 9 айы бойынша 1680 жеке бағдарлама толтырылып, облыс бойынша жергілікті атқарушы мекемелерге бағдарлама жолданып, оның 1165 жеке бағдарлама бойынша әр түрлі көмектер көрсетілген.
Сонымен қатар облыс прокурорының аға көмекшісі М.Ибрашев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраевалар өз баяндамаларын жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен Заң жобасы талқыланып, пікірлер айтылды.