КҮН СУЫТАДЫ
5 қазанда еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с болады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-6 градус аяз күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.