ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері 342 өрт оқиғасы тіркелген, материалдық шығын 25 млн 372 500 теңгені құраған. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
Орын алатын төтенше жағдайлардың басым бөлігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауынан болып отыр. Талапқа сәйкес жылу беру маусымында пештің түтін шығатын жолдары 2-3 реттен тазартылып отыру қажет. Алайда тұрғындар бұл мәселеде салғырттық танытады. Сонымен қатар, қыс мезгілінде ауа райының күрт жылынуы кезінде үйді жылыту пештерінің дұрыс тартпай көмір қышқыл газының ауаға таралуы салдарынан да төтенше жағдайлар орын алады.
«2015-2016 жылдардағы жылыту маусымы кезінде көмір қышқыл газынан улану бойынша Қызылорда қаласында 21 жағдай орын алып, 51 адам зардап шеккен. Қазалы ауданында 14 жағдай тіркеліп, 35 адам уланды», - дейді Р.Қайрақбаев.
Фариза ОМАРОВА