ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕР АЛҒАШ РЕТ ПАЛАТА АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
Кәсіпкерлер палатасы халықаралық «GRATA International» заңгерлік компаниясымен бірігіп, «Заңгерлер кеңесінің» алғашқы отырысын өткізді. Клубтың алғашқы селекторлық режимде өткен отырысына заңгерлермен бірге аудандардан келген кәсіпкерлер да қатысты.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары кәсіпкерлер арасында өрт қауіпсіздігі саласына қатысты аудит жүргізу бағыты бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, заңнамадағы өзгерістермен таныстырды. Одан кейін «GRATA International» компаниясының өкілі Дмитрий Тян заңгерлік фирманың кәсіпкерлерге қандай көмек көрсететінін айтып өтті.
«Жалпы алғанда Палатаға 400 арыз келіп түсті, соның 282-сі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, соның нәтижесінде 1 млрд 144 млн теңгені сақтап қала алдық. Бұдан кейін, кәсіпкерлердің сұранысына қарай, клубтың отырыстарына құзырлы органдар қатысатын болады», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, «Заңгерлер кеңесі» клубының төрағасы Дархан Мырзалиев. Ол сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан келіп түсетін шағымдардың басым көпшілігі жалған кәсіпкерлікке, заңсыз тексерістерге, мемлекеттік сатып алулар барысындағы кедергілерге, жер дауларына қатысты екенін де айтып өтті.
Келешекте кәсіпкерлердің өтініштеріне қарай қаралатын тақырыптарды кеңейту жоспарлануда. Барлық сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға, яғни Палатаның сарапшысы Зухра Әміроваға мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8(7242) 40-09-81 (ішкі 4315) немесе z.amirova@palata.kz электронды поштасына ұсыныстарыңызды жібере аласыздар.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі