ЕЛБАСЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫН АТАП ӨТТІ
Трансформациялау бағдарламасы қалай жүрсе, мемлекетіміз де солай дамитын болады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Трасформация форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Еліміздің байлығы бұл компанияда жинақталған. Ол ел халқының бүгінгі және болашақтағы әл-ауқаты болып табылады. Трансформацияны қалай жүргізетін болсақ, мемлекетіміз де солай дамитын болады», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы өз сөзінде трансформациялау бағдарламасын жүргізген әлем мемлекеттерінің тек 30%-ға оны нәтижелі түрде іске асырғанын атап өтті.
«Қалған 70%-ының жолы болмады. Біз аталған 70%-дың арасынан шықпау үшін не істеуіміз керек? Алдымызда осы мақсат тұр», - деп толықтырды өз сөзін Елбасы.
ҚР Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының әлемнің ұқсас жетекші қорларының тәжірибесі негізінде жасалғанын тілге тиек етті.
«Ол бірнеше мақсатты көздейді. Біріншіден, Қор компаниялар құнының өсуін, екіншіден, портфельді басқару тиімділігін арттыруды, үшіншіден, үкімет пен директорлар кеңесі, қор басқармасы мен оның портфельдік компаниялары арасындағы жаукапкершіліктің аражігін нақты белгідеуді қарастырып отыр», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
«Біз өте күрделі мақсатты іске асыруды қолға алып отырмыз. Біз артта қалып қоймай, бұл бағдарламаны тоқырауға ұшыратпау үшін жұмыс істеуіміз керек. Себебі, мана атап өткен мемлекеттердің 30%-ы бізді ынталандыруы тиіс өте жақсы нәтижелерді көрсетті. Мысалы, Сингапурлық Темасек трансформация нәтижесінде 2004 жылдан бастап өз капиталын 3 еседен астам, яғни 54 млрд доллардан 176 млрд долларға дейін арттырды. Бұл біз үшін үлгілі мысал. Біз осындай нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек», - деді Елбасы.