ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөздің хабарлағанындай, облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалық етуімен құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізіліп, кең таралған пайдалы қазбаларды сақтау және қорғау, сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша материалдық және процестік шығындарды өндіру мәселесі талқыланды.
Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, өңірдегі бірқатар мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен жауапты қызметкері қатысты. Отырысты ашқан облыс прокуроры Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып өтті.
Облыс бойынша құрылыстың өсуіне байланысты кең таралған пайдалы қазбаларға ұсыныстың артуы жер қойнауын заңсыз пайдаланудың санының артуына алып келді. Талдау барысы уәкілетте орган тарапынан қолданылған ұйымдастыру шаралары өз деңгейінде еместігін көрсетті.
Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша қоршаған ортаға келтірілген шығынға экономикалық баға беру үшін арнаулы білімі бар мамандар тартылмаған.
Бұған қарамастан, тергеу органдары сәйкес арнаулы білімі жоқ болса да, кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін келтірілген шығынның жеткіліксіздігі туралы өздігінен қорытынды шығарған.
Сондай-ақ, қоршаған ортаға шығын келтірген адамдармен қайта қалпына келтіру жөнінде қажетті іс-шараларды жүргізуде шаралар қолданылмаған (қоршаған ортаны қалпына келтіру, тозған табиғи ресурстарды толықтыру, тірі организмдерді сауықтыру және т.б.).
Қылмыстық қудалау органдарының қысқартылған қылмыстық істер бойынша, әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған адамдардың әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы материалдарды уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жолдамау фактісі анықталды. (ӘҚБтК-тің 139-бабы).
Мысалы, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімімен құқық бұзушы А.А.-ны ӘҚБтК-тің 139-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартуға қатысты тиісті материал уәкілеті органға жолданбай, қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 9-бөлігінің талаптарын бұзылған.
Үйлестіру кеңесі отырысының шешімімен уәкілетті мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметіндегі тиімділікті арттыруға бағытталған келісілген шешімдер мен әрекеттер қабылданды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі