АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ БАРЛЫҒЫ 380 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН
2014 жылдың 9 айында Қызылорда облысы аумағында барлығы 380 өрт оқиғасы орын алған, оның ішінде 258 өрт оқиғасы тұрғын секторларда болып, материалдық шығын 91 млн.-нан астам теңгені құрап, 4 адам қаза болған, оның ішінде 1 бала, 13 адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастырған брифингте сөз болды.
Брифингте ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет подполковнигі М.Ш Ибрашев, Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.К.Әлішеров, «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқарма бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Б.Н. Қосмұратов баяндама жасап, онда мәселелер талқыланып, өрттің саны мен шығу себебі, өрттен жарақат алған және қаза болған фактілер туралы айтылды.
Брифингтен соң Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі С.Ә.Сыздық Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен біріге отырып, тұрғын үйлерде өрттің алдын алу бойынша рейд жүргізді. Осы алдын алу жұмысына өртке қарсы қызметтің 40 қызметкері атсалысты. Рейд барысында қаланың шет аймағындағы көшелер мен темір жол вокзалы аймағындағы тұрғын үйлер, жалпы саны 350 адам қамтылды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі