ҒАЛЫМ БАЙЗАҚ МОМЫНБАЕВТЫҢ ЕСІМІН МЕКТЕПКЕ БЕРУГЕ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ
«Үздіксіз кәсіби білім берудің проблемалары мен келешегі». Дәл осы тақырыпты арқау еткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Момынбаевты еске алуға және 70 жылдығына арналды. Ауқымы кең шараны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, оқу орнының ғалымдары мен білім алушылары және Байзақ Көпірбайұлының әріптестері мен замандастары қатысты.
Жиынға көрнекті ғалымның ұлы, «Samruk Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, экономика ғылымдарының докторы Жомарт Момынбаев қатысты. Ол әкесінің білімге құлшынысы жоғары адамдарға көзқарасы түзу болғанын айтты. Сондай-ақ конференцияны өткізіп жатқан оқу орнының ұжымына және соған ұйытқы бола білген университет ректорына өз алғысын білдірді.
Конференция соңында университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлы ғибратты ғұмыр иесіне арнаған өлеңін оқыды. Бір мектепке Байзақ Момынбаевтың есімін беруге ұсыныс жасады.