ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Бәрімізге белгілі 17 қыркүйекте облыстық ішкі саясат басқармасы және «Консенсус» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы басталған болатын.
Экспедицияның мақсаты Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени орындарды аралап, олардың насихатталуына үлес қосу. «Консенсус» қоғамдық қорының хабарлауынша, экспедиция 20 күнге созылады және жүзден аса нысанды аралау жоспарланған. Қазіргі уақытта экспедицияға қатысушылар 5 ауданда және Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында болып, 80-нен аса нысанды аралады. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы 8 қазанда Арал ауданында БАҚ өкілдері мен блогерлердің қатысуымен салтанатты түрде аяқталады. Экспедиция қорытындысымен деректі фильмдер түсіріліп, фото-кітаптар жасалып, www.syreli25.kz туристік сайтына салынады.
Шынар БЕКБАН
Шынар БЕКБАН