ЧЕК ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылы, «Атамекен» ҰКП қолдауымен, республика бойынша осындай акция жариялап, белсенді тұтынушылар арасында жүздеген бағалы сыйлықтар ойнатқан болатын. Бас жүлдеге - Chevrolet маркалы автокөлігі тігілген еді.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, азаматтардың тауарлар алу және қызмет көрсету барысында тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында дәл осы акцияның тағы жарияланды, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.
Ай сайын Департаментте жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.
Сыйлықтарды, бас жүлде автокөлікті ұтып алуға қатысыңыз! Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. Қайталанып жіберілген чектер ұтысқа қатыспайды.