Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ИДЕЯСЫ ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫНА АЙНАЛДЫ
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан-Әзірбайжан» достық қоғамы ұйымдастырған Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Ширек ғасыр ішінде қазақ елі толағай табыстарға қол жеткізгенін айта келіп, Мемлекеттік хатшы түрлі салаларда түбегейлі реформалар жүргізілгенін де тілге тиек етті.
«Бірліктің, ынтымақтың және рухымыздың беріктігі арқасында экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформада айқындалған мемлекет құрудың жаңа сапалы кезеңіне көшті. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы Ұлт жоспарының негізгі бағдарына айналды», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.