ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДЕРІ ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін, 30 қыркүйек күні, Қызылордадағы Жамбыл облысының күндеріне орай екі аймақтың басшылары – Кәрім Көкрекбаев пен Қырымбек Көшербаев әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала қонақтарына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып салынған Рәміздер алаңын көрсетті. Сондай-ақ оларға күріш өнімдері мен түйіршіктелген құрама жем шығаратын «Жанарай Жем» зауыты таныстырылды.
Жамбыл облысының делегаттары отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы, шыны зауытының құрылысы және «Достық» үйінің жаңа ғимаратымен танысты.
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардың дамуы мен сол жағалауды игеру жобасы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар қонақтар Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталық жұмысымен танысты.
Шара соңы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл облысы өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.