ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРІМІЗДЕГІ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІНЕ СЕМИНАР – ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ
Бұл жолы тыңдаушылардың назарына «ҮЕҰ басқаруы мен қызметін ұйымдастыру» тақырында лекциялар ұсынылды.
Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы бірлестігі 1 тамыз бен 10 желтоқсанға дейін «Социум» жобасы аясында үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне оқыту семинарларын ұйымдастыруда. Семинар тренері Жандос Түсмағанбетовтың айтуынша, Қызылордада сонымен қатар Қазалы ауданында «Социум» жобасын жүзеге асыру барысында бірнеше семинар-тренингтер өткізілді. Теориялық оқытудан бөлек, әрбір семинар-тренингтерде практикалық оқытулар да қолға алынған.