ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮРДІСІ БАЙҚАЛАДЫ
Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде баяндады.
- Бұл саладағы өндіріс көлемі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4%-ға дейін, ал 8 айдың қорытындысы бойынша 5,4%-ға өскен. Экономиканың бұл саласы шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып отырғанын айту қажет. Қазіргі уақытта шетелдік серіктестермен бірге Жаңақорған ауданына томат пастасын шығаратын зауыт салу жобасы пысықталуда. Қармақшы ауданындағы құс фабрикасының және Арал ауданындағы түйе сүтін өңдеу зауытының құрылыстары іске асырылу сатысында,- деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ аймақ басшысы бүгінгі күні малдың барлық түрлері бойынша мал басы ең табысты делінген 90-жылдың көрсеткішінен асып түскендігін тілге тиек етті.
- Ендігі кезекте біздің бірінші міндетіміз – облысты аусыл індетінен буферлік аймақтан шығару бойынша Халықаралық эпизоотикалық бюросымен жұмысты барынша жедел жүргізіп, етті экспортауды бастауымыз қажет. Біздің өнімге сұраныс бар, бірақ, көріп отырғандарыңыздай, республикадан тысқары шығаруға мүмкіндік жоқ. Осы мәселені жедел шешуіміз керек,- деді облыс әкмі Қырымбек Көшербаев.