БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КҮРІШТЕН МОЛ ӨНІМ ЖИНАП, БЫЛТЫРҒЫ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕН ДЕ АСЫП ТҮСПЕК
Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде баяндады.
- Былтыр біз күріштен мол өнім алып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген болатынбыз (423,6 мың тонна, гектарынан 50,5 центнер). Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің пікірінше, биылғы жиналатын өнім өткен жылға қарағанда ең кем дегенде 10%-ға жоғары болмақ! Бүгінгі таңда 1 га күріштің орташа өнімділігі гектарына 46 ца болса, рекордтық межеге қол жеткізген 2015 жылы гектарына 41,9 центнер болды. Осы ретте, субсидиялау жүйесін кезең-кезеңмен реформалау туралы ұсынысымызды қолдағаны үшін Үкіметке алғыс айта кеткім келеді,- деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
Айта кету керек, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға барлығы 8,5 млрд. теңге (2015 жылға қарағанда 400 млн. теңгеге немесе 5%-ға көп) бөлінді. Жалпы, биылғы жылы ауылшаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 10 есеге артты.