АРАЛ МАҢЫ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНШЫҒЫН ЖАСАУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Қызылорда облысында қолданбалы өнер шеберлері халық ойыншықтары кәсібін қайта жандандырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Ғасырдан ғасырға сақталып келген кәсіп – ағаш, былғары, жүн, мата, киізден жасалған қазақтың ұлттық ойыншықтары шеберлердің бастамасымен қайта қолға алынды.
Әлнұр Жарқынбаев ағаш және мүйізбен жұмыс істейді. Қолөнер көрмелеріне қатысқан кезде балалар оның айналасынан шықпайды. Үстел үстін Әлнұрдың ойыншықтарымен толтыруға тура келеді.
«Мен қолөнершілер әулетінің жалғасы ғана емес, еңбек пәнінің ұстазымын. Маған балалармен жұмыс істеген ұнайды», - деді Ә. Жарқынбаев.
Ағаштан жасалған құстар мен аңдар, мүйізден жасалған балық фигуралары жауһар туынды. Балалар онымен ойнап қана қоймай, ой-өрісі, ойлауы мен танымын дамытады, әрі қауіпсіз.
«Ұстап тұрғаным сыңғырлақтың ескі түрі. Ал мынау қашалған тақтайшадан жасалған, тиындар бекітілген асатаяқ», - деді ойыншақтарды көрсеткен қолөнерші.
Ерте заманда асатаяқты балалар ғана ойнамай, салт-дәстүрде де қолданылған. Шайтандарды қуады деп ойлаған. Ал оларды қорқыту үшін баланы бесікке бөлемес бұрын, онымен дыңғырлатқан.
Қазалы қаласынан келген Толғанбек Оралов металл және ағаш өнімдерін жасайды. Бұл – дарқан дала фәлсапасы. Шебердің ойыншықтары ерекше – шағын ағаш шаңырақ, найза, сауыт-сайман, қуыршаққа арналған бесік.
«Әр бұйымым ішкі жан дүниемнің көрінісі мен жемісі», - деді Оралов.