«ШІРКЕЙЛІ ҚОС-АСАРЫ» ЕСКЕРТКІШІНЕН ЕКІ БЕКІНІСТІҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ
Ежелгі қаланың орны «Шіркейлі Қос-асары» ескерткішінен үлкен және кіші екі бекіністің орны табылды. Бұл тарихи мекен Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылынан 5,5 шақырым қашықтықта орын тепкен, деп хабарлады Қорқыт ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ осы жерден бірнеше бөлмеден тұратын үй-жайлар да анықталды. Олар саз кесектен тұрғызылған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов аталмыш жұмыстармен танысып, тарихи орынның маңыздылығына тоқталды.
Айта кетерлігі, осы мекенде тіршілік еткен адамдардың бейітін табу қиын. Себебі бұл орын күріштік алқапқа тым жақын орналасқан. «Шіркейлі Қос-асары» ескерткіші Қызылорда қаласына да, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінен де алыс емес. Сондықтан алдағы уақытта ежелгі қаланың орнын туристік нысанға айналдыруға болады.