ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ ЖӘНЕ ҚАРАУ
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заң талабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті құзыретіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану жатады.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 714-бабында белгіленген Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Осы ретте, табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің қызметтерін бақылау шеңберінде есепті кезеңде Департамент тарапынан табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша 18 әкімшілік ісі қаралып, олар бойынша 23118070 теңгеге айыппұл салу туралы қаулылар шығарылды.
Қазіргі таңда салынған айыппұлдардың 14288350 теңгесі бюджетке өндірілді.
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға, оның орындалуын бақылау жүктелгендіктен, Департамент тұрақты түрде өндірілмеген айыппұлдардың бюджетке өндірілуін қадағалап отырады. Осыған байланысты, Департамент 2016 жыл бойынша өндірілмеген қалған 1781640 теңге айыппұлдар бойынша қаулыларды мәжбүрлі өндіруге жолдады, 6623880 теңгеге айыппұлдарды төлеу үш айға дейін ұзартылды, 424200 теңге айыппұл бойынша қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен, Департамент тарапынан қабылданған қандай да бір ден қою шаралары табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және жаңа заң бұзушылықтарды алдын-алу мақсатына бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті