ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰСТАЗ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» БАЙҚАУЫНДА ОЗА ШАПТЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жадыра Әжібаева Республикалық «Үздік педагог» байқауында оза шауып, 2 миллион теңге көлемінде сыйақыны иеленді.
«Үздік педагог» Республикалық байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 5,6 мыңнан астам мұғалімнен өтініш келіп түсті. Алайда оның 125-і ғана өз шеберліктерін дәлелдеп, республикалық кезеңге жолдама алды. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес тек 48 педагог ерекшеленіп, «Үздік педагог» атағына лайықты деп танылды. Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында жеңімпаз педагогтарды Сенат депутаты Дариға Назарбаева құттықтап, мұғалімнің қоғамдағы алар орны жоғары екенін атап өтті.
«Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні түлектердің де, олардың ата-аналарының да көздері жасқа толады. Бұл – Сіздердің еңбектеріңізге, бала тәрбиелеудегі ерліктеріңізге, күн сайын алғыс күтпей-ақ үлкен іс тындыратын жұмыстарыңыз үшін алғысқа толы көз жасы. Сіздер біздің қоғамдағы ең қажетті мамандық иесі боласыздар, қадірлі Ұстаздар!», - деген Дариға Назарбаева ұстаздарға білім беру саласында жаңа белестерді бағындыра беруге тілектестігін жеткізді.
Құттықтаулардан бөлек «Үздік педагог» атағы мен кітап түрінде естелік мүсінше алған жеңімпаз ұстаздардың әр қайсысы 2 миллионнан астам теңге сыйақымен марапатталды. Жеңіс тұғырынан көрінгендердің қатарында Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Жадыра Әжібаева да бар. 11 жыл еңбек өтілі бар ұстаз мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Жоғары санаттағы мұғалім Жадыра Сәлімжанқызы бүгінде педагогикалық шеберлік сатысы бойынша модератор атанды. Әріптестерінің айтуынша Жадыра қазіргі уақыт талабына сай жаңа формациядағы мұғалім.
«Жадыра Әжібаева - өзінің педагогикалық тәжірибесінде заманауи технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерді шебер қолданатын ұстаз. Республикамыздың жалпы білім беретін мектептеріне оқу-әдістемелік кешенін құрастыруға қатысқан маман. Соған қоса, мектебіміздегі жас әрі жаңа мұғалімдерді оқу үдерісіне бағыт беретін «Тәлімгер» клубының жетекшісі болып, өзінің ізденімпаздылығымен ерекшеленді» - дейді Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Дариха Мұнарбаева.
Жадыраның өзі болса бұл жеңісті бүкіл ұжымның жеңісі деп біледі. Ұйымшылдық пен әріптестерінің қолдауы оған үлкен шыңдарды бағындыруға себеп болды. «Елбасы мектебінде оқушылармен қатар ұстаздарға да жағымды жағдай жасалған. Біздің өз-өзімізді жан-жақты дамытуға мүмкіншілігіміз зор. Ең бастысы, мектебімізде педагогикалық біліктілігімізді арттыру үшін оқытудың жаңа әдістерін меңгертіп, оны өз тәжірибемізде қолдануға барлық жағдай жасалған» - деп Жадыра Әжібаева мектеп әкімшілігіне деген ықыласын білдірді.
Мектептің педагогикалық ұжымы Жадыра Сәлімжанқызын осындай жемісті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта ұстаз атауы бар қиын жолда одан әрі шыңдалуға, ойлаған мақсаттарының орындалуына тілектестік білдіріп, шығармашылық табыс тілейді.