«БЖК-2020» АЯСЫНДА 6 ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРУҒА 4,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ОТЫР
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 6 индустриялық аймақ құруға 4,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні елде 42 индустриялық аймақ бар. Олардың 27-сі салынып жатса, 15 қолданыста. 25 индустриялық аймақты құруға «БЖК-2020» бағдарламасының аясында 24,4 млрд. теңге бөлініп, олардың ішінен 12 индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Онда 700 млрд. теңгеден аса инвестициялар сомасына 273 өндіріс орналастырылған және 626 млрд. теңге сомасына өнім шығарылған», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы «БЖК-2020» аясында 6 индустриялық аймақты құруға Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 4,5 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Өңірлермен қаражаттың игерілуі жоспарлы тәртіпте жүзеге асырылады. Тек Қостанай облысында ғана құрылыс әлі басталған жоқ. Аталған өңір конкурстық рәсімдерді жүргізуді жылдамдатуы қажет»,- деді Қ.Бишімбаев.