ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫН МЕМЛЕКЕТ СУБСИДИЯЛАЙДЫ
Қызылорда облысының кейбір ауылдарында халық аз қоныстанғандықтан, мемлекет 11 ауданаралық бағдарға қаржылай көмек көрсетуге мәжбүр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Облыстың автобустары тасымалдаушылардың шығынын өтей алмайды. Мұндай проблема кейбір ауылдарда тұрғындардың аздығынан, сондай-ақ сол ауылдардың аудандық және облыстық орталықтардан алыс орналасуынан туындап отыр. Бірақ, қайткен күнде де тұрғындарды тасу керек. Сондықтан 11 бағдарды облыс бюджеті субсидиялап отыр», - деді облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Марат Байымбетов.
Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, биыл субсидияға 17,5 млн-нан астам теңге бөлінді.
«Қызылорда облысында автобустардың көп бөлігі қалалық бағдарларда жүреді. Облыс орталығы мен қала маңына 840 көлік, оның ішінде 283 ауданаралық және 15 облысаралық автобус жолаушыларды тасымалдайды», - деп түсіндірді Байымбетов.
Айта кетейік, биыл аймақта жолаушыларға қызмет көрсететін 34 пункт салу жоспарланып отыр. Ал жақында ғана Қызылордада жаңа «Солтүстік» автовокзалы ашылды.