ҚАЛА КҮНІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДОСТЫҚ» КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласының орталығында салтанатты түрде, қызыл жіп қиылып, жаңа «Достық» қонақ үй кешені ашылды. Аумағы 1940 т.метрден аса кешеннің құрылысына 320 млн. теңге, оның ішінде 175 млн.теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Сбербанк России» ДБ АҚ рәсімделген несие қаражаты жұмсалған.
Жобаның бастамашысы ретінде Мырзабай Шалғымбаев басқарып отырған «Ахат+ГС» ЖШС болды. Компания директорының сөзінше, Қызылорда қаласының қонақ үй нарығында тұрақты өсім байқалады, қонақ үйлер саны артып, ондағы көрсетілген қызмет көлемі 2,5 есеге көбейген. Міне сондықтанда аталған компания тұрақты дамушы бизнесін әртараптандыру мақсатында мемлекеттік қолдау аясында жаңа бағытты қолға алды. Компания соңғы үлгідегі және жоғары сапа талаптарына сай келетін ғимараттың құрылысын аяқтау үшін «Даму» Қорының 50% кепілдендіруімен 175 млн.теңге несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпорынның берешек ауыртпалығын жеңілдету мақсатында несиенің 7% үстемесін мемлекет өтеп беруде.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарының атынан кәсіпкер М.Шалғымбаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қонақ үйдің қала бойынша ең көлемі үлкен орталықтардың бірі екенін және қала тұрғындары мен қонақтары тұрақтайтын жайлы әрі қолайлы орынға айналатынын ескере кетті. Айта кететін тағы бір жайт, жоба аясында жаңадан 20 тұрақты жұмыс орындары ашылды.