ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАРТТАР КҮНІН САЙЫСТАРМЕН ӨТКІЗДІ
Ұлттық спорт түрлерімен ойнау, арқан тартуда өз күшін сынап көру секілді жастар тәсілімен қызылордалық Чернобыль ардагерлері қарттар күнін осылай атап өтті.
«Чернобыль ардагерлері» Қызылордадағы қоғамдық ұйымының төрағасы Сансызбай Салтыбеков хабарлағандай, қарттар күні қарсаңында ардагерлердің арасында сайыстар ұйымдастырмақшы болып келіскен. Осылайша Қызылорда облыстық Азаматтық Альянс бірлестігінің демеушілігімен өтті.
- Бүгінде чернобыль ардагерлерінің дерлік барлығы мүгедектер тобында, көбісі бірінші немесе екінші топ мүгедектері, - деді ұйым төрағасы. – Дегенмен барлығы басқаша көңіл-күймен өткізгендерін қалады. Сондықтан отырып шай ішіп, әңгіме-дүкен құрғаннан осылайша белсенді түрде мерекені атап өту меніңше ерекше жағдай. Сырт көзге қарт боп көрінгенімізбен, жанымыз әлі сайрап тұр емес пе?
«Қызылорда облысының Азаматтық альянс»
бірлестігінің баспасөз қызметі