27 ҚЫРКҮЙЕККЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Сейсенбі күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидрометтен» мәлім етті.
Тек батыста және оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде температура бағамы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүретіні болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.