МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОСЫМША ЖАРНА ТӨЛЕНБЕЙДІ
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу бойынша Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық штаб мүшелері үшін селекторлық тәртіпте өткен семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.
ҚР ДСӘДМ басшысы медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің себептері бойынша қажетті ақпарат берді. Оның айтуынша, аталған жүйені енгізу – ең алдымен медициналық көмек көрсету стандарттарының ЭЫДҰ елдері деңгейінде болуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Ол мемлекеттің құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн. азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.
Сондай-ақ, Министр МӘМС жүйесін енгізу кезінде медициналық қызметтер үшін ешбір қосымша жарна төленбейтіндігін, ал олардың қызмет көрсету сапасы медициналық ұйымдарды қаржыландырудың негізгі талабы болатындығын мәлімдеді.
«Медициналық сақтандыру жүйесінде ешбір адам қосымша жарна төлемейді. Қаражатты тек қана Қор төлейді, ол медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы болады. Қордағы қызметтің басты басымдығы – медициналық қызметтердің сапасы болмақ», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.
Семинар барысында Тамара Дүйсенова аймақтық штаб өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, медициналық сақтандыру жүйесіне өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтардың қатысуына ерекше мән берді.