ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
25 қыркүйек күні қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін облыс әкімі Қ.Көшербаев аралады. Онда Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тауар өндірушілері нарық бағасынан төмен бағада халыққа өз өнімдерін ұсынды.
Барлығы 290 көлік қатысып, 942,6 тонна өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан бағада сатылды. Осы жәрмеңкеде 291 тонна көкөніс өнімдері, 220 тонна қауын-қарбыз, 25,4 тонна балық өнімдері, 2 тонна қымыз, шұбат, 20,2 тонна ет өнімдері, 120 тонна ақ күріш, 670 бас қой-тоқты және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Анықтама үшін:
р/с |
Аудандар атауы |
Орналасатын орындары |
1 |
Арал ауданы |
С.Торайғыров көшесінің бойы («Коммунизм» мөлтек ауданы) |
2 |
Жалағаш ауданы |
«Титов» қыстағы (Ә.Қашаубаев көшесінің бойы) |
3 |
Қазалы ауданы |
Ғ.Мұратбаев көшесінің бойы мен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы) |
4 |
Сырдария ауданы |
Жанқожа батыр көшесінің бойы, (Реалбаза алды) |
5 |
Шиелі ауданы |
Тасбөгет кенті, (Орталық алаң) |
6 |
Жаңақорған ауданы |
Астана даңғылының бойы (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы ) |
7 |
Қызылорда қаласы |
Әйтеке би көшесінің бойы, (Қазыбек би көшесі мен Д.Қонаев көшесінің аралығы) |