ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАҚПАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қала күнінде «Тереңөзек-Сырдария» бағытындағы кіреберіс қақпа пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты. - Бүгінгі күні Алаштың анасы атанған Сыр елінің бас шаһары күннен күнге жасанып, сәулетіне сән қосып келе жатқанының куәсі болып келесіздер. Тәуелсіз еліміздің алғашқы астаналарының бірі Қызылорда – тереңнен сыр тартатын тарихи қала. Қызылорда ортақ үйіміз десек, оның одан әрі көркейіп, гүлденуі баршамызға ортақ іс.Сондықтан, сүйікті қаламыздың бас қақпасы құтты болсын!,- деп аймақ басшысы Қ.Көшербаев қызылордалықтарды мерекемен құттықтады. Жалпы құны 120 млн. теңгегені құрайтын, осындай мазмұны мен мағынасы зор айтулы жобаға «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік жасады. Айта кетейік, ҚР Конституциясы мерекесінде қаланың оңтүстігіндегі кіреберіс қақпасы пайдалануға берілген болатын.