ҚАЛА КҮНІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала күнінде шаһарда Сырдария өзенін жағалай орналасқан «Тәуелсіздік» даңғылы ел игілігіне тапсырылды. Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілхайырхан көшесіне дейінгі аралықта, Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан әсем жағалауға, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне орай Тәуелсіздік атауы берілген. - Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын айналма жол құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 1 млрд. 932 млн. теңге бөлінді. Бұл жолдың бойында барлық стандарттарға сәйкес жарық бағаналары, аялдамалар және 7 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ қарастырылған. Осындай сапалы да сәулетті көшенін құрылысын жүргізіп, халық игілі үшін аянбай қызмет етіп жүрген «УАД» жаупкершілгі шектеулі серіктестігінің барша құрылысшыларына қала халқының атынан алғысымзды білдіреміз. Салтанатты түрде ашылғалы тұрған жаңа көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтататын көрікті орындардың бірі бола берсін,- деп облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа даңғылдың маңыздылығын көрсете отырып, қала тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.
Қызылордада ұзындығы 612 шақырым болатын 760-тан астам көше бар. Қала тіршілігі маңызды көлік инфрақұрылымын дамытуға бүгінде жіті назар аударылуда. Мәселен, соңғы 3 жылда қаламыздың жол құрылысын дамытуға 15 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл қаржыға 300 шақырымды құрайтын жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 51 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына 980 млн. теңге қаржы тартылуда. Мұнымен қоса ауылдық округтердегі 14 көшенің орташа жол жөндеу мен 2 көшені жарықтандыру жұмыстарына 80 млн. 126 мың теңге бөлінді.