БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Дүйсенбі, 6 қазан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендейді, күндіз +5+7 градус жылы болады. Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +3+5, күндіз +16+18 градус жылы болады. Батыс Сібірдегі циклонмен байланысты суық атмосфералық ағымдардың әсерінен еліміздің басым аумағында қар аралас жауын жауады. Орталық, солтүстік және шығыс облыстарда түнде сынап бағанасы 0-8 градус суықты көрсетеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында да ауа температурасы нөлден төмен болады, таулы жерлерде қар аралас жауын жауады деп күтілуде.