РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ – ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
Мерейлі мерекеде қызылордалықтарға Тәуелсіздігіміздің басты нышаны ретінде Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 60 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырған.
- «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деп, Елбасы баса айтқан болатын. Сондықтан да, бүгін Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының күніне орай, киелі «Алаштың анасының төрінен», өңіріміздің «Үлкен маржаны» саналатын Сырдарияның жағалауынан көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер Аллеясының» ашылғандығын жариялаймыз,- деді Қ.Көшербаев.
Жалпы құны 325 млн. теңгеден астам жоба ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында салынды. Аймақ басшысы алаңның ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды қала күні мерекесімен құттықтады.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.