ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.КӨШЕРБАЕВ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін, 23 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы Жаппасбай батыр көшесі мен Титов мөлтек аудандарындағы 680 пәтерлік 14 көпқабатты үйдің құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 6 млрд. 222 млн. теңгені құрайды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады.
Сондай-ақ аймақ басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысының жұмыстарына куә болды. 2014 жылдың маусымында басталған құрылыс биыл қараша айында толықтай аяқталады. Жобаның жалпы құны 5,975 млрд. теңгені құрайды. «Мостостроительный-25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – аталмыш жобаның мердігер мекемесі. Көпірдің ұзындығы - 386,82 метр, ал ені 22,4 метрге жетеді. Ол 9 тіректен (опора) және 8 аралықтан (пролет) құралған. Құрылыс толықтай аяқталысымен, Қаланың оң жақ жағалауын игеру жұмыстары басталады.