ӘНУАРБЕК ӘБДІМОМЫНОВ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында «Казпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әбдімомынов Әнуарбек Шәкірбекұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар почта байланысы саласымен өзге де әлеуметтік мәселелерді қозғады. Мәселен, Қызылорда қаласының тұрғыны Саракүл Тажикова «Қазпочта»АҚ бөлімшесіне наразылығын танытты. Оның айтуынша 1993 жылы туылған, ІІІ топ мүгедегі Айгерим есімді қызының мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Казпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлімшесіне аударған. Яғни, аударғаны жөнінде Саракүлдің қолына анықтама берген. Алайда әлі күнге дейін аталмыш қаржы Саракүлдің қолына тимеген. Мемлекет беріп отырған қаржыны ала алмай қиналған ана жүрек мәселенің шешімін табуына «Нұр Отан» партиясынан қолдау сұрап келгенін жеткізді.
Өтініш жан-жақты қаралған соң, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары қытыстырылып, бұл мәселенің шешілуіне талдау жасалатын болып келісілді. «Бұл жұмыстарға өзім де қатысамын. Барлығын заң талаптарына сәйкес қараймыз» - деді «Казпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов.
Қабылдау кезінде Қазалы ауданының тұрғыны Айгүл Ілияс есімді азаматша өзінің кәмелетке толмаған 2 баласы барын және жалғызбасты ана екенін айтып, Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегіне тұру мен жұмысқа орналасуына көмектесуін сұрады.
Айгүлдің тұрғын үй кезегіне қатысты сауалына облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Баеекев кеңес берсе, қабылдау өткізген «Казпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов оның жұмысқа орнласуына өзінің толық қолдауын білдіріп, оның шешілуіне барын салатынына сендірді.
Сонымен бірге мекеме басшысының қабылдауына Дүйсебаева Нұргүл есімді азаматша келіп, саяжайлық жер телімін рәсімдеуге көмек сұрады. Мәселенің заң аясында реттелетінін назарға алған Әнуарбек Шәкірбекұлы Нұргүлді 23 қыркүйек күні облыстық партия филиалында өтетін «Әділет кеңес береді» акциясы аясында шешуге келістірді.