ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІН 20 КҮН АРАЛАЙДЫ
Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата ескерткіші жанында "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының жолға шығу құрметіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі.
– Халқымыздың сан ғасырлар бойғы тарихында Сыр өңірінің алар орны айрықша. Мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Сыр – Алаштың анасы” деген сөзінен-ақ аңғаруға болады. Сондықтан да "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының алға қойған мақсаты орындалуына тілектестігімді білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.
«Консенсус» қоғамдық қорының бастамасымен өтіп жатқан шара облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Қоғамдық ұйым жетекшісі Ербол Күмісқожаевтың айтуынша, экспедиция 20 күнге созылмақ. Облыстық жастар ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистерден құралған топ Жаңақорған мен Арал аралығындағы жүзден аса нысанды аралауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, экспедиция барысында тарихи-мәдени орындармен қатар облысымыздағы экономикалық-әлеуметтік маңызы бар нысандар да қамтылатын болады.