ҚЫЗЫЛОРДАДА «БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қыркүйек айының 19 жұлдызынан бастап республика көлемінде экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Іс-шараға жергілікті полиция қызметі, әкімшілік, криминалдық, көші-қон полициясы, тергеу және анықтау бөліністерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде аң аулау ережелерін бұзудың 8 заң бұзушылығы анықталып, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар, балық аулау ережелерін бұзудың 5 дерегі тіркелді. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 84 мың 840 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.