«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 22 қыркүйек күні Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті.
Фестиваль мақсаты - облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін паш ету.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындарының басшылары, мұнай компаниялары мен этномәдени бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.
Фестивальда «Тіл – ұлттың рухани қуаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі» бөлімінде Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы еңбектері мен «Тіл – ұлттың жаны» бөлімінде ғалым-филолог, тілтанушы А. Байтұрсыновтың кітаптары таныстырылды.
Мерекелік шара «Тіл – татулық тірегі» атты этнос жастарының қатысуымен әзірленген арнайы прологпен ашылды.
Шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары хаты Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, облыстың Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары және этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шара барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды. Этномәдени бірлестіктер өздерінің ән-би өнерлерін қазақ және өз ана тілдерінде орындады.
Халық пен халық, ұлт пен ұлыс бірлесе өмір сүріп отырған мемлекетте өз халқыңды, өз тіліңді сүюмен бірге өзге халықты және оның мәдениеті мен өнерін құрметтеу, тілін қастерлеу - қазіргі қоғамның басты өлшемдерінің бірі.
Осы мақсатта өткізілген облыстық фестиваль этномәдени бірлестік өкілдері мен филармония әншілерінің орындауындағы «Жаса, жаса, қазақ тілім!» патриоттық әнімен аяқталды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі