«ҚЫТАЙЛЫҚ АУЛАУ ҚҰРАЛДАРЫН» САТУҒА ЖӘНЕ ТАСЫМАЛЫНА ТИЫМ САЛЫНДЫ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге шектеу қойылған аулау құралдарына тыйым салды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда балық шаруашылығы мәселелерінің бірі – моножіптер мен моноталшықтардан жасалған торлар болып отыр. Аталған материалдан жасалған тор-аулар бір рет қолданылған соң іске жарамсыз болып қалады және де балықшылар тарапынан бағасы арзан болғаны себепті ұдайы өзен-көлдерде, суаттарда қалдырылады.
Ведомствоның аумақтық инспекциялары күн сайын заңсыз орнатылған және лақтырылып тасталған ауларды алу үшін су айдындарына тралдау жүргізіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе, көктем айларында, балық уылдырық шашатын маусымда қарқын алады.
Осы тыйым салынған балық аулау құралдарының еркін саудасына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге тыйым салынған су биологиялық ресурстарын олжалау (аулау) құралдарының өткізілуіне (сатылуына) тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған жоба ағымдағы уақытта сауда-саттық саласына өкілетті орган ретінде Ұлттық экономика министрлігіне келісімдеу үшін жолданды.