ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек шығыста, солтүстік-батыста және батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында, шығыста кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды өңірлерінде тұман байқалады. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қарағанды облыстарында үсік жүреді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, сонымен қатар Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.