ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ДЕПОЗИТ АШҚАНДАРДАН АҚЫ АЛМАЙТЫН БОЛДЫ
Жергілікті атқарушы органда тізімде тұрғандардан, яғни мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алудан үміттілерден Тұрғын үй құрылыс жинақ банктен депозит ашқаны үшін ақы алынбайды. Бұл «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өткен отырысында мәлім болды, деп хабарлайды холдингтің ресми сайтында.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, әзірленіп жатқан «Қолдау» банктік өнімі аясында жергілікті атқару органдарының коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғын азаматтарға жеңілдік жасалынатын болады.
Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, әкімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теңгеден аспайтын шарттық сомаға ТҚЖ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Банк салым ашу үшін шарттық соманың 0,55%-ы көлемінде комиссия ұстайтын еді.
Жинақтау мерзімі аяқталған соң (кемінде 3 жыл) әкімдіктің кезегіндегілер жылдық 3,5%-бен (ЖТСМ жылдық 4%-дан бастап) – ең төменгі мөлшерлеме бойынша тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік алады. Осылайша, бұл қадам жинақтау кезеңінде кезектегілерге түсетін қаржылық ауыртпашылықты азайтып, қолжетімді бағамен тұрғын үй сатып алуға жәрдем болмақ.
Сондай-ақ, Директор Кеңесі тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру (уағдалы депозиттер орналастыру арқылы) бағдарламасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастырды. Бұл шара өткізу тетіктері мен бекітілген ережелерді жеңілдетуді көздейді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканы дамыту және әртараптандыру, инвестиция тарту, класстерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.