ҚЫЗЫЛОРДАДА 220 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-21 күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні мединалық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 2 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 220 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 1-і – көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), 14-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 15-і – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүзгізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 7-і – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы) 1-уі – жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу (ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі), 9-ы – жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау фактісі (ӘҚБтК-нің 600-бабы, 1-бөлігі) бойынша заң бұзушылықтар орын алған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара көрілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі