ҮСТЕМ НЕМЕСЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ: ҚР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Тауар нарығында субъектілердің үстем немесе монополиялық жағдайға ие болуына тиым салынбаған және ол заңнама бұзушылық болып табылмайды. Сонымен бірге, мұндай нарық субъектілері үшін ұқсас құқықтық қабілеттілікке ие болуы белгілі құқықтық салдарға әкеп соғады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 8-бабы 5-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бақытталған әрекеттеріне жол берілмейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 11-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, кәсiпкерлердiң азаматтық құқықтарды бәсекелестiктi шектеу мақсатында пайдалануына, соның iшiнде:
1) кәсiпкерлердiң рыноктағы өздерiнiң үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшiн тауар өндiрудi шектеу немесе тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;
2) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамдардың баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi аластау туралы және бәсекелестiктi едәуiр шектейтiн өзге де жағдайлар туралы келiсiмдер жасасуына және оларды орындауына;
3) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамның және тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым көрсетуге бағытталған терiс пиғылды әрекеттер жасауына (терiс пиғылды бәсекелестiк), атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсiпкердiң тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, әдiсi мен орны, сапасы және өзге де қасиеттерi жөнiнен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсiздiкпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу арқылы және басқа да әдiстермен шатастыруына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) өзге де тұлғалардың заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:
1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналыстан алып қою;
9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу;
10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау сияқты әрекеттерiне тыйым салыну көзделген.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлік кодексі редакциясында үстем жағдайын теріс пайдалану құрамы – доминанттың тиісті тауар нарығына кіруді шектеу, бәсекелестікті болғызбау, шектеу және жою бойынша - және бәсекелестікке қатысты емес, алайда өзге де тұлғалардың заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерді қамтиды. Бұл ретте, аталған салдардың басталуы, жиынтығында, және бір-біріне тәуелсіз жағдайында белгілі болады.
Сонымен бірге, үстем жағдайды теріс пайдаланушылықты білу үшінмынадай өлшемшарттар анықталды.
Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан көп пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы, егер осындай нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) нарық субъектiсінiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар айналысының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгi;
2) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуы;
3) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналысының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің әрекет ету ұзақтығы белгіленсе, үстем жағдай деп танылады.
Тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп пайызды құрайтын болса немесе тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп пайызды құрайтын болса, егер нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) ұзақ кезең ішінде (кемінде бір жыл ішінде немесе егер мұндай мерзім бір жылдан аз болса, тиісті тауар нарығының әрекет ету мерзімі ішінде) нарық субъектілері үлестерінің салыстырмалы мөлшері өзгермеген немесе аз өзгерістерге ұшырағаны;
2) нарық субъектілері өткізетін немесе сатып алатын тауар тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) басқа тауармен алмастырыла алмайтыны;
3) тиісті тауар нарығында осы тауардың бағасы және (немесе) оны өткізу шарттары туралы ақпаратқа белгілі емес тұлғалардың тобына қолжетімді болғаны белгіленсе, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай деп танылады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексімен субъектілердің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануына тиым салынған, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті