БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖІТІ НАЗАРДА
Байқоңыр қаласындағы ресейлік мекемелерден жұмыстан қысқартылған сегіз адам облыстық медицина орталығының бөлімшесіне орналасты. Жұмысын жаңадан бастаған емдеу нысаны білікті мамандармен толығып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
«Қазақстан-Қызылорда» арнасының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың тамыз айынан жұмысын бастаған облыстық медицина орталығының филиалында 30-ға тарта маман еңбек етсе, оның бесеуі дәрігер. Әзірге олар оңалту бөлімі мен жалпы терапия және күндізгі стационарда жұмыс жасауда. Бүгінге дейін 50-ден астам байқоңырлық пен жақын маңдағы Ақай, Төретам елді-мекендерінің халқы емдік шараларын қабылдаған.
Қазірде мамандар мұндағы жабдықтар кезең кезеңімен жеткізіліп жатқандығын айтады. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Мамограф, УЗИ секілді құралдар қолданыста болса, қазан айынан бастап шағын көлемдегі оталар осында жүзеге аспақ.