ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН ЭКСПО-2017 ҚОНАҚТАРЫ КӨРЕ АЛАТЫН БОЛАДЫ
Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі, Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары Натиг Алиевпен кездесті. Басқосу барысында екі жақ көрмеге дайындық барысын талқылады.
Ахметжан Есімов халықаралық павильондардың жақын арада дайын болатындығын әрі олардың қазан айында барлық қатысушыларға берілетіндігін айтты.
Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмесіне 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Әзербайжан Республикасы өзінің қатысатындығын растаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары алдағы көрмеге дайындықтың белсенді ттүрде жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
«Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің өтетіндігі туралы хабар алысымен біз энергетика саласына қатысы бар барлық дерлік компаниялармен байланыстық және қазіргі таңда біздің ұсыныстарымыз өте көп» - деді комиссар.
Натиг Алиевтің айтуынша, мемлекет энергетика саласындағы жуырдағы онжылдықтағы ең үздік технологияларын көрсететін болады. Сондай-ақ, ұлттық павильонның безендірілуі мен ұйымдастыру бойынша техникалық мәселелер талқыланды.