«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
Қызылордада «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы кеше облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жергілікті БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Нұр Отан» партиясының кадрлық резерв қалыптастырудағы негізгі мақсат -өкілдік және партиялық органдарға, партия филиалдарының аппараттарына білімді, білікті кадрларды ұсыну үшін сапалы құрам жасақтау.
«Нұр Отан» партиясының кадрлық резервінегізінен тәжірибелі партиялықтардан, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастардан, сондай-ақ партия жақтастары қатарынан жасақталатын болады.Яғни, «Партиялық кадрлық резерв туралы» ережеге сәйкес партия мүшесі емес, бірақ оны белсенді қолдаушыларды да резервке іріктеу мүмкіндігі қарастырылған. Партия мүшелігі жоқ партия жақтастарының кадрлық резервтегі саны резервистердің жалпы санының 10 пайызынан аспауы тиіс.
«Партияның аймақтық кадрлық резервіне жалпы республика бойынша шамамен 3 мың адам ендіру жоспарланған. Қазіргі уақытта аймақтық резерв қалыптастыру жұмыстары барлық аудандарда қолға алынды. Енді мәслихат депутаттығына, аймақтық саяси кеңестер, партиялық бақылау комиссиялары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер және партияның басқа да органдарының мүшелігіне кандидаттар іріктеледі.
Қызылорда облысы бойынша аймақтық кадрлық резервке ережеде көрсетілген арнайы квотаға сәйкес барлық аудандар және Байқоңыр, Қызылорда каласынан 107 азамат камтылады деп жопарланып отыр. Барлық үміткерлер тиісті талаптарға сай және арнайы жасақталған комиссия шешімінен кейін нақтыланып, резервке енеді»-деп атап өтті облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
«Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві республикалық және аймақтық деңгейлерде бекітіледі.Республикалық резервтің негізі – аймақтық резервистерден 2017 жылдың соңында қалыптастырылатын болады. Оған әр аймақтан үш адамнан қамтылады деп жоспарланып отыр.
Аймақтық партиялық кадрлық резервке ену үшін кандидаттар 3 сатылы іріктеу жүйесінен өтуі қажет. Жүйе конкурстық процедуралар мен құзіреттерін бағалаудан тұрады. Кандидаттардың әрқайсысы кәсіби, партиялық және жеке сипаттары бойынша кешенді тексеруден өтеді.Оларға партия мүшелігі бойынша өтілі, жұмыс өтілі, білімі, партиялық қызметтегі сіңірген еңбегі бойынша талаптар қойылады. Сонымен қатар үміткер қылмыстық және әкімшілік жауакершілікке тартылмаған, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын теріс әрекетті, сондай-ақ партиялық жазаға тартылмаған болуы тиіс.
Партиялық кадрлық резервті қалыптастыру үш ай бойы кезең-кезеңмен өтеді. Алдымен кадрлық резервті қалыптастыру туралы хабарланады, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарында құжаттарды қабылданып қаралады, резервке енгізілетін кандидаттар келісіледі. Сонан соң кандидаттар тізімі бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында ұсынылылып, тестілеуге өтеді. Тестілеуден өткен кандидаттар сұхбаттасуға жіберіледі. Сұхбаттасуды партияның аймақтық филиалында комиссия өткізеді.
Резервистердің тізімдері тиісті ауданның, қала және облыстың Саяси кеңесінің Бюроларында бекіту.Резервистерді бекіткеннен кейін партиялық кадрлық резервті дамыту жұмысы жүргізілетін болады Кандидаттың резервте болу мерзімі 5 жылды құрайды, тиісті деңгейде кандидаттардың 50 пайызы ілгерлетілген жағдайда жаңарту жүзеге асырылатын болады.
Журналситермен болған кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі аппаратына (басшылықтан басқа) бос лауазымдық орындарға үміткерлер байқау негізінде қабылднатынын атап өтіп, партиялық кадрлық резервке алу, байқау өткізу туралы хабарландырулар олардың мерзімі және бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары «Айқын», «Литер» республикалық газеттерінде, сондай-ақ партияның www.nurotan.kz ресми веб-сайтында жарияланатын» жеткізді.