ЗЕРГЕРЛІК ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Қармақшы ауданында көрме өтпекші. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті Қармақшы аудандық бөлімі, аудандық тарихи - өлкетану музейімен бірлесіп өткізбек.
XVIII-XIX ғасырда қазақ халқы тұтынған ағаштан және түрлі-түсті металдан жасалған көне зергерлік әшекей бұйымдарымен халықты таныстыру мақсатында ұйымдастырылған көрме "Халық өнері - асыл қазына" тақырыбында өтеді. Көрмені Орталыққа келген әрбір тұтынушы тамашалай алады.