ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ТАПСЫРЫЛДЫ
«Аяла» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының жеті медициналық мекемесінің өкілдеріне жаңа медициналық жабдықтар тарту етті деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыс аудандарында алғаш рет «Аяла» қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» атты жобасы іске асырылды. Аталған жоба Қазақстандағы балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналған.
Қайырымдылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, қор өкілдеріне алғыс білдірді.
«Аяла» қайырымдылық қорының өкілі Берік Даржанов өз мақсаттарын баяндай келе, емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарын табыс етті.
«Жеті мекемеге сыйға берілген жабдықтың жалпы құны 23300000 теңгені құрады. Сыйға тартылған жабдық балалар өлімін төмендетуге мүмкіндік береді, нәрестелерге және бір жастағы балаларға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етеді деп үміттенеміз. Бұдан басқа, біздің қорымыз болашақта облысқа Литва неонатологтарының келуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жетекші мамандар семинарлар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасатын болады,- деді Б.Даржанов.