ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ПӘТЕР БАҒАСЫ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ
Алдыңғы маусым айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үй бағасы 0,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй бағасы 0,5 пайызға төмендеді, деп хабарлады ҚазАқпарат ranking.kz сілтеме жасап.
«Шілдеде жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне 252,2 мың теңгені құраса, одан санаты төмен үйлердің құны 191,3 мың теңге болды. Жаңа және қолданыстағы тұрғын үй арасындағы баға айырмашылығы - 24 пайыз», делінген сарапшылар мәліметінде.
Аймақтар арасында, жаңа үй құрылысының ең жоғарғы бағасы ШҚО-да тамыз айында тіркеліп отыр (бір шаршы метрі үшін 361,6 мың теңге. Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 43,4 пайызға жоғары). Екінші орында Астана қаласы болса (бір шаршы метрі үшін 341,7 мың теңге), «қымбат үштікті» Атырау тұйықтап отыр. Онда пәтер шаршы метріне 322,6 мың теңге тұрады.
2015 жылдың тамызымен салыстырғанда биылғы жаздың соңғы айында жаңа үйлердің бағасы Астана қаласы (+18,4 пайыз) мен Павлодар облысында (+17,2 пайыз) көтерілген. Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Алматы облыстарында жаңа пәтер бағасы өзгерген жоқ. Ал, ОҚО, СҚО, БҚО, Ақтөбе және Ақмола облыстарында тұрғын үй арзандаған.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша жасалған келісімдер алдыңғы айға қарағанда 11 пайызға төмен (9 826 келісім жасалған). Сонымен қатар, 2016 жылдың маусым айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлердің сатылуы да 8 пайызға түскенін көрсетіп отыр (5 630 келісім жасалған).