АСТАНАДА ЭКСПО-2017 ҮШІН ЕРІКТІЛЕРДІ ҚОСЫМША ІРІКТЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктілер қатарына тағы да мың жарымы қосылатын болады. Мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр.
Айталық, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.
Тағы бір себеп – қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен жұмыс атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, кейбір мамандар пікірінше қатысушылар санының ұлғаятындығы келтірілуде.
Алғашқы тестілеуді ЖОО студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады.
ЭКСПО-2017 еріктісі қатарына 18 толған, алайда 80-нен аспаған кез-келген адам қосыла алады. Талаптардың тағы бірі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Мәдени іс-шараларда қатысуы құпталады.
Жалпы, келесі жылы 4500-ден аса еріктілерді тарту жоспарланған.