КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАДАН 5,5 МЛРД ТЕҢГЕ БЮДЖЕТКЕ ТҮСТІ
Үстіміздегі жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетке 59 млрд. 560 млн салық пен төлемдердің түсімін қамтамасыз етті. Бұл туралы бүгін департамент басшысы Серік Мұстафаев «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Осыған дейінгі көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің дұрыс ұйымдастырылуы мен қарқынды жүргізілуі нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5,5 млрд теңге көлемінде қосымша түсім түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш.
Серік Жолдасбекұлының айтуынша құзыретті органдармен бірлесіп жасалған жұмыс нәтижесінде 1665 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген. Олар пәтерді жалға берушілер, жүк тасымалдаушылар, автокөлік жөндеушілер, базарда жұмыс жасайтындар, такси қызметімен айналысушылар болып табылады.