ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛМАҚ
24-ші қыркүйекте облыс орталығында «Мемлекеттік Рәміздер алаңы» ашылады. Сондай-ақ, жаңа тұрғын үй иелеріне 25 пәтердің кілті табысталады. Бұдан бөлек автостанция мен балабақша ашылады. Мерекеге дайындық барысы қала әкімінің аппарат мәжілісінде пысықталды, деп хабарлады «Қазақстан Қызылорда» арнасы.
Мұнан соң, аппарат мәжілісінің күн тәртібінде тұрған екі мәселе қаралды. Ең алдымен, қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев қала күнінде өткізілетін шараларды атап өтті. Биыл шаһар тойы екі күн қатарынан өтеді. Дәстүрлі фестиваль-жәрмеңкелерге барлық мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер , үкіметтік емес және жастар ұйымдары атсалыспақ. Бүгінде шаһарды безендіру жұмыстары аяқталуға жақын. Нұрлыбек Нәлібаев мереке қарсаңында жаңадан ашылатын автостанцияның жолаушылар тасымалындағы маңыздылығына тоқталды.