БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шаынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлердің кей жерлерінде тұман күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.